2022 жылдың 19 қазанында М. Нарикбаев КАЗГЮУ Университетінде «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, мәртебелі мырза Эдвин Натхан Ябо Глусманның қонақ дәрісі өтті.
Лекция барысында Елші Израильдегі инновациялар, экономикалық белсенділік және өмір сүру сапасы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, халықаралық аренадағы қазіргі саяси жағдай жөнінде өз пікірлерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында Елші «Қолданбалы дипломатия» курсының студенттеріне кітаптар сыйға тартты және университетке Израильдің мемлекеттік туын табыс етті.