Халықаралық журналистика мектебіне жаңа декан тағайындалды - MNU

Халықаралық журналистика мектебіне жаңа декан тағайындалды

01.04.2024

Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінде Айгүл Жамалованың Жаңа декан болып тағайындалғаны туралы хабарлайды.

Айгүл Жамалова – медиа саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі журналист және медиаменеджер. Ол Лидс университетінде (Ұлыбритания) “Болашақ” беделді стипендиясы бойынша білім алған, халықаралық журналистика саласында терең білімге ие. 2021 жылдан бастап Айгүл Жамалова Maqsut Narikbayev University лекторы болып табылады.

Maqsut Narikbayev University командасына қосылғанға дейін Айгүл Жамалова “Жетінші арна” және Atameken Business сияқты Қазақстанның жетекші медиа компанияларында басшылық қызметтер атқарды. Оның digital стратегияларын әзірлеу және іске асыру, интернет-маркетинг, интернеттегі жеке және корпоративтік брендті жылжыту, сондай-ақ эксклюзивті сұхбаттар жүргізу және үш тілде мәтін жазу саласында бай тәжірибесі бар.

Өз мансап жолында Айгүл Жамалова “Астана” Халықаралық қаржы орталығында корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директор лауазымын атқарды, онда брендтің жаңартылған digital-стратегиясын іске асырумен және ішкі коммуникацияларды құрумен айналысты.

Maqsut Narikbayev University Айгүл ханымның мол тәжірибесі, терең білімі мен көшбасшылық қасиеттері университет үшін баға жетпес активке айналатынына, ал оның басшылығымен Халықаралық журналистика мектебі жаңа биіктерге жетіп, Қазақстанда жоғары білікті журналистерді даярлаудың жетекші орталығына айналатынына сенімді.