Қазіргі заманның журналисті – тек оқиға жайлы әңгімелеп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби техникамен жұмыс істей алатын маман. Maqsut Narikbayev University студенттеріне осы дағдыларды тәжірибе жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.
@mnu_isj студенттері журналистің рюкзагын алып, нақты репортаждар дайындай алады. Әр рюкзакта камера, объектив, радиомикрофон жинағы, штатив, жаңбырдан қорғайтын қап және стабилизатор сияқты маңызды құрал-жабдықтар бар. Бұл құрылғылар сапалы әрі мазмұнды бейнематериал жасауға көмектеседі.
Осындай тәжірибелік оқу тәсілі студенттерге кәсіби сенімділік пен техникалық машықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қарау