Maqsut Narikbayev University-де Inbusiness.kz ақпараттық агенттігінің директоры және бас редакторы Арман Джакуб сөз сөйледі. Ол болашақ журналистерге қонақ дәріс өткізді.
Тәжірибесі мол белгілі маман студенттерге іскерлік журналистиканың ерекшеліктері мен болашағы туралы айтып берді. Ол экономикалық тақырыптар бойынша сапалы материал дайындау үшін түрлі дереккөздермен тиімді жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Арман Джакуб студенттердің ақпараттық агенттік редакциясында өндірістік практикадан өту мүмкіндігі туралы мәлімдеді.
Айта кетейік, Inbusiness.kz Қазақстан мен әлемнің экономикалық, саяси және қоғамдық оқиғалары туралы хабар тарататын жетекші іскерлік ақпараттық порталдардың бірі.


