Maqsut Narikbayev University студенттері – Лигай Алина, Амантай Арсен, Кабанкина Екатерина, Кумекбаева Анар, Мамырбекова Дана және Сагадатова Алина – көшбасшылық қасиеттері мен инновациялық көзқарастарын көрсетіп, үздік командалар қатарынан танылды.
MNU Associate Professor- ы Муслим Хасеновтың басшылығында болған топ БҰҰ ұсынған кейсті сәтті қорғап, гендерлік зорлық-зомбылық пен теңсіздік мәселелерін талдап, тың шешім ұсынды.
Олардың табандылығы, кәсібилігі және гендерлік теңдікті алға жылжытуға қосқан үлестері – біз үшін зор мақтаныш. Болашақта студенттерімізді үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз!

