MNU Logo
MNU бизнес білім берудің халықаралық сапасын растады: MBA және DBA бағдарламалары FIBAA-мен 7 жылға аккредиттелді - MNU

14.03.2025

MNU бизнес білім берудің халықаралық сапасын растады: MBA және DBA бағдарламалары FIBAA-мен 7 жылға аккредиттелді

FIBAA аккредиттеу және сертификаттау комитеті Maqsut Narikbayev University-дің «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (MBA) және «Іскерлік әкімшілендіру докторы» (DBA) білім беру бағдарламаларының аккредиттеуін жеті жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, MBA бағдарламасы FIBAA премиум мөріне, ал DBA бағдарламасы FIBAA сапа белгісіне ие болды. Бұл олардың бизнес білім беруде жоғары халықаралық стандарттарына сәйкестігін көрсетеді.

FIBAA 1994 жылы Германия, Швейцария және Австрияның сауда-өнеркәсіп палаталарымен құрылған жоғары білім беруді аккредиттеу және сапа сараптамасын жүргізетін халықаралық агенттік. Ұйым экономика, менеджмент, құқық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының сапасын бағалайды. Қайта аккредиттеу туралы шешім MNU бағдарламаларының академиялық озықтық, практикаға бағытталған тәсіл және халықаралық бәсекеге қабілеттілік шарттарына сәйкес келетінін растайды.

Естеріңізге сала кетейік, Maqsut Narikbayev University Бизнес-мектебі – жаңа буын басқарушыларын дайындайтын Қазақстандағы жетекші білім беру платформаларының бірі. MBA, EMBA және DBA бағдарламалары стратегиялық ойлауды, көшбасшылық қасиеттерді және бизнесті жүргізудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытудың инновациялық әдістері, салалық сарапшылармен ынтымақтастық және халықаралық аккредиттеулердің арқасында MNU Бизнес-мектебінің түлектері экономиканың әртүрлі салаларындағы басшылық қызметтерде жұмыс істейді. Бұған дейін Бизнес-мектеп республикадағы қазақ тіліндегі алғашқы Mini MBA бағдарламасын да іске қосқан болатын.

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз