
ҚР Президенті Телерадиокешенінің ұжымымен бірге олар жалпы қалалық ағаш отырғызу сенбілігіне қатысты. Іс-шара Телерадиокешенінің 2021 жылы ашылған аллеясы орналасқан Ботаникалық саябақта өтті.

MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен ТРК Бас директоры Раушан Қажыбаева бастаманы жеке қолдады.

Студенттер:
«Ағаш отырғызу – бұл жай ғана жұмыс емес, бұл біздің қаламыздың болашағына қосылатын үлес. Біз осы процестің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз!».

Жаңа жасыл аллея Астананың сәніне айналады және қала тұрғындарына көлеңке мен таза ауа сыйлайды.
