MNU Logo
«ИДЕЯЛАР ФАБРИКАСЫ»: MNU-ДА THINK & DO TANK ФОРМАТЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА - MNU

«ИДЕЯЛАР ФАБРИКАСЫ»: MNU-ДА THINK & DO TANK ФОРМАТЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Post Image
15.02.2025

Осыдан бір жыл бұрын MNU-да MIND (Maqsut Narikbayev Institute for Network and Development) ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істей бастады. MIND Қазақстан аумағы мен оның шекарасынан тыс жерде ғылыми-зерттеу және жобалық қызметке айтарлықтай ықпал ететін жетекші сараптамалық алаңға айналды.

Тәуелсіз «идеялар фабрикасының» талдаушылары 20-дан астам ірі іс-шара өткізді. Олардың қатарында ҚР Парламенті Сенатымен бірлескен дөңгелек үстелдер, сараптамалық талқылаулар және зерттеулерді таныстырулар болды. Бүгінгі таңда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша Акселератордың іске қосылуы MIND тарихында маңызды оқиғалардың бірі болды. 100 күндік бағдарлама 200-ден астам сарапшыны біріктіріп, аштықты жою, денсаулық пен салауаттылық, сапалы білім беру және т. б. бағыттарды қамтыды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында университеттер мен ғылыми ұйымдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатын стратегиялық орталық болуы керек деп мәлімдеді. Біз MIND талдаушыларының зерттеулері мемлекеттік органдардың жұмысында қолданылатынына қуаныштымыз. Мұнда ғылыми ой мен тәжірибенің үйлесімі қалыптасқан, себебі Think & do tank форматы тек кеңес беруімен шектелмей, іс-әрекет жасауға мүмкіндік ашты», – деп атап өтті MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

MIND өзін сараптамалық күн тәртібін қалыптастырып, стратегиялық шешімдер әзірлей алатын негізгі талдау платформасы ретінде танытты. Орталықтың талдаулары Modern Diplomacy, The Astana Times, The National Interest, RUSI Newsbrief, Asia Times, Centre for Historical Analysis and Conflict Research сынды бірқатар ұлттық және халықаралық басылымдарда жарық көрді. Сонымен қатар, орталық бірқатар маңызды халықаралық конференциялар мен форумдарда таныстырылды. Қазіргі таңда MIND сәтті серіктестікер орнатып 15 меморандумға қол қойды.

«Біздің орталық Maqsut Narikbayev University даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені, унтверситет оқытушылық бағыттан зерттеу бағытына көшуді мақсат етіп отыр. 2025 жылға арналған жоспарларымыздың қатарында – зерттеу бастамаларын кеңейту, халықаралық жобаларға қатысу, серіктестік бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ заңнаманың сапасын жақсарту, цифрлық трансформация және Қазақстанның тұрақты дамуы бойынша жұмысты жалғастыру бар. Біз барлық серіктестерге, зерттеушілерге және сарапшыларға аналитика мен стратегиялық ойлауды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз», – деді MIND ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Әлтайыр Ахметов.

Еске сала кетейік, MIND орталығының миссиясы – қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін сарапшыларды біріктіру және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз