
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллектті тиімді пайдалану бойынша журналистерге арналған воркшоп өтті. ЖИ-стратег Ник Макфлай БАҚ қызметкерлеріне заманауи технологиялардың артықшылықтары мен жаңа платформалар туралы айтып берді.
Іс-шараға 30-ға жуық БАҚ-та қызмет етіп жүрген 50-ге жуық журналист қатысты. Ник Макфлай озық промтинг техникаларын көрсетіп, өзекті ЖИ құралдарымен бөлісті және кейбір жаңалықтар редакцияларында іске асырылған табысты кейстер туралы айтып берді. Сарапшының пікірінше, болашақтың журналисі – ЖИ алмастыратын адам емес, ЖИ құралдарды шебер меңгерген маман. Айта кетейік, өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы өзгерістер журналистиканың жаңа мүмкіндіктерін, шын мәнінде екінші тынысын ашуы әбден мүмкін екендігін атап өткен болатын.
Ник Макфлай тәжірибелі сарапшы және бизнесті ЖИ-трансформациялауға маманданған сериялық кәсіпкер. Ол қазақстандық және шетелдік компанияларға 500-ден астам воркшоп өткізген. Сондай-ақ 1500-ден астам маманды оқытып, бірқатар ЖИ-жобаларды іске асырды.
Воркшопқа қатысушылар жұмыста жасанды интеллектті тиімді пайдалану бойынша ұсынымдар алды. Сонымен қатар журналистер БАҚ қызметкерлері күніне арналған зияткерлік-ойын-сауық квизге қатысып, университеттің инфрақұрылымымен танысты.




