2023 жылдың 20 сәуірінде сағат 16:00-де (Астана уақытымен) “The Language of Law and Legislation in the Philosophy of Creativity” тақырыбында халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – философиялық-құқықтық зерттеулер мен заңнама контекстінде құқық тілін түсіну қажеттілігіне байланысты ғылыми мәселелерді талқылау.
Дөңгелек үстелдің негізгі спикерлері ретінде Maqsut Narikbayev University Профессорлары А.Б. Дидикин мен И. О. Әубәкірова, сондай-ақ Бремен Университетінің (Германия) Профессоры В. В. Оглезнев сөз сөйлейді.