MNU Logo
Халықаралық еріктілер жылы: БҰҰ өкілі MNU-да белсенділермен кездесу өткізді - MNU

15.05.2025

Халықаралық еріктілер жылы: БҰҰ өкілі MNU-да белсенділермен кездесу өткізді

Maqsut Narikbayev University-де БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов еріктілер ұйымдарының өкілдері және жастар белсенділерімен кездесті. Кездесу барысында еріктіліктің Орнықты даму мақсатына қол жеткізудегі рөлі және Халықаралық еріктілер жылына дайындық барысы талқыланды.

Жиын барысында қатысушылар Қазақстанда іске асырылатын негізгі іс-шаралар жоспарын және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының жаһандық бастамаларын жергілікті деңгейде жүзеге асыру тетіктерін қарастырды. Әсіресе жастардың белсенділігі мен еріктілік тәжірибелерінің тұрақтылығына ерекше назар аударылды. MNU студенттік істер жөніндегі вице-провосты Мақсат Мұсабеков студенттерде азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруда жүйелі көзқарастың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің университетте CSI – Creativity, Service, Intelligence міндетті курсы бар. Оның негізгі бағыттарының бірі – еріктілік. Студенттер бірінші курстан бастап төртінші курсқа дейін қоғамға пайдалы бастамаларға өз үлестерін қосады. Бұл олардың өмірлік белсенді ұстанымын қалыптастырып, қоғамдағы өзгерістерге қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді. Еріктілік арқылы университет тек студенттің тұлғасын ғана дамытпай, елдің әлеуметтік дамуына да үлес қосады», — деді Мақсат Мұсабеков.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Орнықты даму мақсаттарға қол жеткізу үшін Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Қазақстан әлемде алғаш болып Ұлттық ұйымдастыру комитетін құрған мемлекет. Сонымен қатар Алматыда БҰҰ Еріктілер қозғалысының Орталық Азиядағы субөңірлік кеңсесі ашылмақ.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз