Maqsut Narikbayev University-де Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың судьясы (АҚЕС) Лятиф Гусейнов дәріс оқыды. Ол «Дербес деректерді қорғау және ұмыту құқығы: АҚЕС тәжірибесіндегі еуропалық стандарттар» тақырыбында сөз сөйледі.
Лятиф Гусейнов студенттермен еуропалық стандарттарға сәйкес заң техникасының практикалық тәсілдерімен бөлісті. Бұдан басқа, ол тыңдаушылармен АҚЕС тәжірибесінен нақты құқықтық кейстерді талдап, ұстанымдарды дұрыс заңды рәсімдеуге баса назар аударды. Сұрақтар мен жауаптар сессиясы барысында студенттер қаралған істердің егжей-тегжейін тереңдей отырып, олардың Қазақстанның құқықтық аясына қолданылуын талқылады.
Лятиф Гусейнов сондай-ақ профессор, заң ғылымдарының докторы, халықаралық құқық бойынша кітаптар мен жарияланымдардың авторы және Венеция комиссиясының мүшесі болып табылады. Айта кетейік, бұған дейін MNU-ға Венеция комиссиясының президенті Клэр Бази Малори келген болатын.


