Euronews Astana Ltd, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және қазақстандық жетекші университеттер: Maqsut Narikbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Astana IT University-мен өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Бұл құжат Қазақтанда Euronews Академиясының ашылуы туралы және медиа саласында білім беру серіктестігін нығайтуға бағытталған.
Euronews Академиясының мақсаты – болашақ қазақстандық журналистердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибе алмасу және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру. Меморандум шеңберінде Euronews Astana, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және жоғары оқу орындары арасында жан-жақты ынтымақтастық орнатылады. Euronews журналистика және медиатехнология факультеттері студенттерін алдағы уақытта ұйымдастыралатын білім беру бағдарламаларына белсенді түрде тартып, тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынады.
Алдағы жылдары Euronews Академиясы қазақстандық студенттерге цифрлық журналистика, телерадио хабар тарату, медиаменеджмент және журналистиканың арнайы жанрлары бойынша курстар әзірлейді. Бұл мақсатта Академия халықаралық сарапшылар мен Euronews-тің жетекші мамандарын тартып, отандық медиа саласын дамытуға үлес қосады.
Талғат Нәрікбаев, MNU басқарма төрағасы:
«2023 жылы ҚР Президентінің телерадиокешенімен серіктестікте іске қосылған Халықаралық журналистика мектебі Euronews тренингтерін өткізу алаңы болғанына мақтанамыз. Бұл біздің жұмысымыздың жоғары деңгейін мойындау ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершіліктің белгісі. Осы бастамаға қосылатын Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарымен бірге біз медиа саласындағы білім беруді дамытуға және әлемдік деңгейдегі журналистердің жаңа буынын даярлауға елеулі үлес қоса алатынымызға сенімдіміз. Біз бірге елімізде және әлемде қуатты болашақ медианы қалыптастырамыз».»
Боян Бркич, Қазақстандағы Euronews бюросының басшысы:
«Бүгін Euronews-тің Қазақстандағы білім беру бастамасын дамыту жолындағы алғашқы қадамы жасалды. Осы уақытқа дейін MNU және басқа да университеттер болашақ медиа мамандарын даярлауда үлкен жұмыс атқарды, және біз өзіміздің 30 жылдық тәжірибеміз бен халықаралық деңгейдегі бағдарламаларымызбен толықтыруды мақсат етіп отырмыз. Алдағы уақытта біздің үздік тренерлеріміз шынайы өмірлік тәжірибелерімен, жылдап жинаған кәсібилік білімдерімен бөліседі. Жаңалықтарды бақылап, білім алудағы мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыздар.»
Адлет Алимханов, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры:
«Біздің басты бағыттарымыздың бірі – медиа саласындағы білім беру бағдарламаларын қолдау. Бұл бастама Академия студенттеріне сапалы білім, тағылымдамалар мен халықаралық деңгейде тәжірибе алуға мүмкіндіктер ұсынады. Euronews Академия және жетекші университеттермен орнатылатын ынтымақтастық, болашақ журналистердің кәсіби дағдыларын шыңдап, оларды тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде де бәсекеге қабілетті етуге көмектеседі.»
Euronews Академиясының ашылуына қатысты толық ақпарат сайтта және әлеуметтік желілерде жарияланады. Айта кетейік, штаб-пәтері Брюссельде орналасқан ірі халықаралық жаңалықтар агенттігі Euronews үлкен қамтуға ие, теледидар арқылы 160 елде 400 млн астам үйге және ай сайын 25 млн бірегей кірушілерге онлайн режимінде жетеді. Олардың басты мақсаты — оқиғалардың бейтарап және жан-жақты көрінісін ұсына отырып, адамдарға өз көзқарастарын дербес қалыптастыруға мүмкіндік беру. Euronews Astana топтың бір бөлігі бола, халықаралық аудитория үшін мәдениет, саяхат және бизнес туралы бағдарламалар жасауға бағытталған.