Maqsut Narikbayev University провосты Сергей Пен академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі форумға қатысты. Іс-шара Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтті.

Форумға Ғылым және жоғары білім министрлігі әкімшілігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ 40-қа жуық отандық жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» апталығы аясында өтті. Форумның мақсаты – академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлық профилактикасы және өңірлік университеттерді дамыту принциптерін нығайту.
Пікір алмасуға арналған ашық алаң қатысушыларға жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдықтың маңыздылығын және оның білім беру сапасын арттырудағы рөлін атап өтуге мүмкіндік берді. Академиялық адалдық лигасының мүшелері жаңа академиялық принциптерді нығайтудағы өздерінің нақты тәжірибелерімен бөлісті және білім беру процесін цифрлық трансформациялаудың нәтижелері туралы айтып берді. Бұдан басқа, мектептер мен колледждерде академиялық адалдықты ілгерілету бойынша Консорциум құру жарияланды.
Айта кетейік, Академиялық адалдық лигасы Maqsut Narikbayev University бастамасымен 2018 жылы құрылған болатын. Осы уақыт ішінде бірлестік әділ және ашық білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, этикалық стандарттарды ілгерілетудегі негізгі институт ретінде өзін көрсетті.