MNU Logo
«Заң мен тәртіп»: танымал прокурор Айжан Аймағанова MNU-да тренинг өткізді - MNU

11.12.2025

«Заң мен тәртіп»: танымал прокурор Айжан Аймағанова MNU-да тренинг өткізді

«Заң мен тәртіп» нарративі аясында Maqsut Narikbayev University-де Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыдағы істерге қатысу басқармасының басшысы Айжан Аймағанованың тренингі өтті. Танымал прокурор журналистердің сот процестерінен хабар тарату кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы айтты.

Іс-шара барысында БАҚ қызметін нормативтік реттеу, жауапкершілік түрлері және жауапкершіліктен босату жағдайлары бойынша түсініктемелер берілді. Сондай-ақ қорқытып алу және жалған ақпарат таратумен айналысқан журналистер мен блогерлердің кейбір кейстері қаралды. Айжан Аймағанова журналистердің құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимылы жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.

«Журналистің құқықтық сауаттылығы – қосымша дағды емес, бұл қауіпсіз және кәсіби жұмыстың іргетасы. Егер сізде білім болса, жұмыс барысында әрқашан мықты, сенімді және еркін боласыз. Мұндай тренингтер өткір немесе арандатушылық сұрақтарға дайындалуға, тыныштық пен сенімділікті сақтауға және әрбір сөзді қоғам үшін нақты, заңды және түсінікті болатындай етуге көмектеседі», – деді Айжан Аймағанова.

Айта кетейік, тренингке елуден астам студент пен журналист қатысты.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз