MNU Logo
Болашақ құқығы: MNU әлемнің түкпір-түкпірінен студенттерді Legathon MaxUP 2026-ға қатысуға шақырады - MNU

21.11.2025

Болашақ құқығы: MNU әлемнің түкпір-түкпірінен студенттерді Legathon MaxUP 2026-ға қатысуға шақырады

Maqsut Narikbayev University-де II International Legathon MaxUP байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Ауқымды студенттік сайыс 2026 жылғы 3-4 сәуірде өтеді.

International Legathon MaxUP цифрлық дәуірдің негізгі сын-қатерлері бойынша шешімдерді табатын жас жаңашылдардың жаһандық алаңы. Байқау жылдам өзгеріп жатқан технологиялық ландшафтағы құқықтың дамуын зерттеумен айналысатын түрлі елдердің студенттерін біріктіреді. 2026 жылғы жарыстың тақырыбы – Болашақ құқығы.

Байқау екі тілдік лигада (орыс және ағылшын) өтеді. Әрбір университет бес адамнан тұратын бір команда құрып (4 студент және 1 жетекші қоса жүруі мүмкін), бағалы жүлделер үшін бақ сынаса алады. Қатысушыларға 2026 жылғы 1 қаңтарға дейіносы сілтеме бойынша өтінім беріп, өтінімге «Цифрлық болашақта қандай іргелі құқықтық принцип немесе доктрина неғұрлым маңызды өзгерістерге ұшырайды?» тақырыбында уәждемелік эссе (2000 сөзге дейін) қосу қажет.

Таңдалған үздік 12 командаға (орыс тілді лигадан 7 команда және ағылшын тілді лигадан 5 команда) шығыстарды толық қаржыландыру (ұшақпен ұшу, тұру, тамақтану) қарастырылған. Бұдан басқа, қатысушылар практикалық тәжірибе, сала сарапшыларының тәлімгерлігі мен халықаралық аренада өздерін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Байқаудың толық бағдарламасы мен кейстердің тақырыптары кейінірек жарияланады.

Айта кетейік, алғашқы International Legathon MaxUP осы жылдың 18-19 сәуірінде өтіп, MNU Құрметті ректоры, мемлекет және қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаевтың 85 жылдығына арналған болатын. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 9 студенттік команда қатысты. Жеңіске «Жоғары экономика мектебі» Ғылыми-зерттеу университетінің (Ресей) студенттері ие болды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз