2023 жылдың сәуір айында көрнекті саясаттанушы, публицист, заң шығару ісінің сарапшысы және Maqsut Narikbayev University Associate Professor-ы Екатерина Шульманмен кездесу өтті.
Бұл дәрісте Екатерина Шульман саяси болжаудың күрделі әлеміне үңіліп, болашақ туралы түсінік қалыптастырудағы сарапшылардың рөлін атап өтті. Сарапшылардың ақпараттың дәлдігі мен бейтараптылығына қатысты этикалық жауапкершілігі мәселелері қозғалып, саяси белгісіздікті еңсеру барысында туындайтын мәселелер талқыланды.
Екатерина осы өзекті мәселеге қатысты бай тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, бірегей идеялар мен жаңа көзқарастарымен бөлісті.