MNU Logo
Алматыда заң әдебиетін қазақ тіліне аудару жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды - MNU

19.10.2025

Алматыда заң әдебиетін қазақ тіліне аудару жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды

Алматыда Maqsut Narikbayev University Emeritus Professor-ы, «Құқық» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің әкімшісі Жаннетта Қалишева мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығының кездесуі өтті. Тараптар бірлестіктің заң әдебиетін мемлекеттік тілге аудару жөніндегі жобасын іске асыруды талқылады.

Жаннетта Қалишева ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Еркін Дүйсеновпен және заң факультетінің деканы Уәлихан Ахатовпен келіссөздер жүргізді. Кездесуде жетекші әлемдік заң әдебиетін қазақ тіліне аударуға, сондай-ақ отандық ғалымдар мен оқытушылардың заманауи оқулықтар әзірлеуіне бағытталған жоба таныстырылды. Сонымен қатар Жаннетта Қалишева ҚазҰУ профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, жаңа баспа бағытының тұжырымдамасын таныстырды.

Алматылық университеттің өкілдері бастаманы қолдап, бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ ҚазҰУ жобаға қатысатын университеттер консорциумын қалыптастыру мәселелеріне атсалысады. Оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс тобының мүшелері жобаны қаржыландырудың бірыңғай қорын іске қосуға ниетті, өйткені жоба республикадағы заң білімін дамытуға және академиялық ортада мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуға маңызды қадам болады.

Айта кетейік, MNU заң әдебиетін қазақ тіліне аудару жобасының базалық университеті болып табылады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз