М. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті әйелдердің құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында ТДМ 5-ті қолдауды белсенді түрде жүзеге асырады. Университет қызметкерлерінің гендерлік қатынасы бойынша жүргізілген талдау гендерлік теңдікке жетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін көрсетеді. 2023 жылғы мәліметтер бойынша қызметкерлер арасындағы әйелдер үлесі 59,8%, ал академиялық қызметкерлер арасындағы әйелдер үлесі 61,1%-ды құрайды. Университеттің басшылық құрамында да елеулі жетістіктерге жетілген. Бөлімдер басшыларының 56,4%-ы әйелдер, ал жоғары мектептердің басшыларының 80%-ы әйелдер болып табылады. Университеттің барлық төрт жоғары мектебі әйелдер тарапынан басқарылып келеді, ал 11 проректордың 9-ы әйелдер. Университет барлық қызметкерлерге тең мүмкіндіктер жасау үшін менторлық бағдарламаларды, икемді жұмыс кестелерін енгізуді және әйелдердің ғылыми зерттеулерге қатысуын қолдауды жалғастыруда.
08.11.2024
М. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті ТДМ 5 мақсаттарына сәйкес гендерлік теңдікті насихаттауға міндеттенеді
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
02.02.2026
MNU университеттік ортаның жаңа мәдениетін қалыптастыруда – Қазақстан Президентінің кеңесшісі
Maqsut Narikbayev University-де Қазақстан Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой болды. Ол университет инфрақұрылымымен...
30.01.2026
MNU-да Қытай Жаңа жылы атап өтілді
Елордалық оқушылар мен студенттер Көктем мерекесінің (Қытай Жаңа жылы) жақындауын атап өтті. Maqsut Narikbayev University-де...
29.01.2026
Грант, әдебиет, тәжірибе алмасу: MNU-да Кувейтпен серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды
Maqsut Narikbayev University-де Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы Істер бойынша уақытша сенім жүктелген өкілі Мешари Әл Саигх...