Maqsut Narikbayev University-де Бизнес мектептің дәрістер сериясы жалғасуда. Жоба аясында «Шаңырақ» басқарушы компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Максим Божко өзінің табысқа жету жолымен бөлісті.
Тағамдық жұмыртқа мен құс етін өндіретін ірі отандық кәсіпорындардың бірінің негізін қалаушы бизнес-модель мен компания жұмысының әрбір кезеңінде енгізілетін орнықты даму философиясы туралы айтып берді. Максим Божко сондай-ақ тиімді тік интеграцияланған жүйелерді құру құпияларымен бөлісті. Ол өндірістегі толық қазақстандық қамтудың және өнім сапасын ұдайы бақылаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Дәріс барысында спикер тыңдаушылардың сұрақтарына да жауап берді.


