2024 жылдың 10 қазанында Maqsut Narikbayev University-де Қазақстандағы «БеНиЛюкс сауда палатасы» кездесуі өтті.
Қатысушылар бірлескен жобалардың келешегін талқылап, бизнес жүргізу саласындағы тәжірибелерімен алмасты. Кездесу барысында назар сауда қатынастарын дамыту мәселелеріне аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында келешек қадамдар айқындалды.
“BeniLux Сауда палатасы Қазақстандағы Бельгия, Нидерланды және Люксембург компанияларының, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға ниет білдірген немесе BeniLux аймақтарына экспорттағысы келетін қазақстандық компаниялардың экономикалық кеңеюінің жетекші катализаторы болуға ниетті.
Біз өз мүшелеріміз үшін мүмкіндіктер жасап, ең жақсы сапаны ұсынғымыз келеді!”
Ван ден Вейж Денис, Палата президенті