MNU Logo
MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП ЖАҢА MNU RESEARCH FELLOW СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ! - MNU

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП ЖАҢА MNU RESEARCH FELLOW СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ!

Post Image
05.09.2024

MNU 2024-2025 оқу жылынан бастап жаңа MNU RESEARCH FELLOW стипендиялық бағдарламасының басталуы жайлы хабарлайды! Бұл бастама ғылыми зерттеулер мен академиялық мансапқа ұмтылатын қазіргі бакалавриат студенттерін, магистранттарды, докторанттарды және жас оқытушыларды қолдауға бағытталған.

Бағдарлама мақсаты

Университетте талантты және келешегі зор ғылыми кадрларды тарту, қолдау және дамыту, сондай-ақ олардың ғылыми қоғамдастыққа ұзақ мерзімді үлес қосуына жағдайлар жасау. 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • • Үздік академиялық нәтижелерді және/немесе зерттеу әлеуетін көрсететін бірінші, екінші курстағы MNU магистранттары.
  • • Ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын және/немесе осындай әлеуеті бар бірінші, екінші және үшінші оқу жылындағы MNU докторанттары.
  • • Университеттерде немесе ғылыми институттарда жұмыс істейтін және өздерінің ғылыми саласында маңызды жетістіктерге ие 25 жасқа дейінгі жас ғалымдар.
  • Жоғары ғылыми әлеуетке ие немесе үздік академиялық нәтиже көрсеткен MNU соңғы курс студенттері.

Іріктеу критерийлері:

  • Академиялық жетістіктер: Үздік оқу, ғылыми журналдарда жариялау, конференцияларға қатысу, ғылыми қызметі үшін марапаттар.
  • Ғылыми әлеуеті: Зерттеу тақырыбының өзіндік ерекшелігі мен өзектілігі, нақты әзірленген зерттеу жоспары.
  • Зерттеу жұмыстарына қабілеттілік: Аналитикалық және өзіндік ғылыми жұмыс дағдыларын көрсету.
  • Мотивация және ұмтылыс: Maqsut Narikbayev University-де өзін ғылыми қызметке арнауға және ғылыми қоғамдастыққа үлес қосуға дайын болу.

Қатысуға арналған құжаттар:

  • Академиялық түйіндеме.
  • • Мақсаттарды, әдістерді және күтілетін нәтижелерді көрсететін зерттеу жоспары.
  • •  Maqsut Narikbayev University ғылыми мектебінің немесе зерттеу орталығының профессорынан кем дегенде бір ұсыныс хат.
  • Мотивациялық хат (мотивациялық хатқа қойылатын талаптар және  бағалау критерийлері қосымшада көрсетілген).
  • Үміткер болған соңғы курс студенттеріне қойылатын қосымша талаптар:
    • 1) GPA кемінде 2,5;
    • 2) студент ғылыми зерттеуге деген құштарлығын растауы керек (студенттік ғылыми конференцияларға, пәндік олимпиадаларға қатысу, ғылыми жарияланымдары болу, студенттік ғылыми үйірмелерде жұмыс істеу).

Байқау кезеңдері

Өтінім беру:

  • Үміткерлер құжаттардың толық пакетін белгіленген мерзімде ұсынады.

Өтінімдерді бағалау:

  • Алдын ала іріктеу: Комиссия берілген құжаттардың толықтығы мен талаптарға сәйкестігін тексереді.
  • Бағалау критерийлері: Ұсынылған зерттеу жоспарының академиялық жетістіктері, ғылыми әлеуеті мен сапасы бағаланады.
  • Баллдық жүйе: Комиссияның әрбір мүшесі өтінімдерді 1-ден 100 баллға дейінгі шкала бойынша бағалайды.
  • •Алынған ұпайлар сомасы бойынша үздік нәтижелердің 30%-на кіретін үміткерлер қысқа тізімге енгізілгеді және іріктеудің келесі кезеңіне өткен болып есептеледі. Қалған үміткерлер іріктеуден өтпеген болып саналады және  осы байқауға қатысуға тек келесі оқу жылынан ерте емес өтінім бере алады.

Сұхбат және жобаларды таныстыру:

  • Қысқа тізімдегі үміткерлер өздерінің ғылыми жоспарларын және комиссия сұрақтарына жауаптарын таныстыру үшін сұхбаттасуға шақырылады.
  • Қорытынды бағалау: Стипендия тағайындау туралы қорытынды шешім сұхбат және ғылыми жоспарды бағалау нәтижелері негізінде қабылданады.

Жеңімпаздарды жариялау:

  • • Байқау жеңімпаздары университет сайтында және ресми әлеуметтік желілер арқылы жарияланады. Оларға стипендия тағайындау туралы келісімге қол қоюды ұсынатын ресми хаттар жіберіледі.
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз