MNU Logo
MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ АКАДЕМИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ - MNU

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ АКАДЕМИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Post Image
11.02.2025

10 ақпанда Maqsut Narikbayev University және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы білім беру, ғылыми-зерттеу қызметі және кітапхана-ақпараттық қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат заңгерлік білім беру сапасын арттыруға және құқық саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған стратегиялық әріптестікті бекітеді.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық тиісті оқу бағдарламалары бойынша оқытуды, оқу тренингтерін өткізуді, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру курстарынан өтуді қамтиды. Сонымен қатар, дәрістік, семинарлық және практикалық сабақтарды өткізу үшін мамандармен алмасу, сондай-ақ оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу бойынша тәжірибе алмасу жоспарлануда.

Ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық құқық ғылымы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы бірлескен ғылыми зерттеулерді жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған. Сондай-ақ тараптар құқықтық қолдану практикасы және заңнамалық реттеу мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлеу және шығару үшін бірлескен авторлық ұжымдар құру туралы келісімге келді. Ынтымақтастық аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер мен форумдар өткізу, сондай-ақ бірлескен баспагерлік қызметті жүзеге асыру жоспарлануда.

Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастық ғылыми және оқу әдебиеттерімен алмасуды, электрондық дерекқорларға қолжетімділікті, бірлескен көрмелерді ұйымдастыруды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен білім беру үрдісін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту іс-шараларын өткізуді қамтиды.

Меморандум бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және құқық саласындағы оқытушылар мен сарапшылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ашады. MNU мен Сот төрелігі академиясы арасындағы әріптестік заңгерлік білім беру жүйесін жетілдіру және құқық қолдану практикасы үшін кадрлар даярлау жолындағы маңызды қадам болады деп күтілуде.

Келісімді жасасу екі ұйымның да білім беру бағдарламаларын сапалы дамытуға, Құзыретті заңгерлерді даярлауға және Қазақстанның құқықтық жүйесін жетілдіруге жәрдемдесуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз