Бүгін Maqsut Narikbayev University-де Jibek Joly телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі және «Өзгер» жобасының авторы Айгүл Мүкейдің «Әлеуметтік желілер табыстың белгісі ретінде. Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері» атты дәрісі өтті.
Іс-шара барысында ол әлеуметтік желілердің маңыздылығы және әлеуметтік желілерді жүргізудің қазіргі заманда өзекті құралдары туралы айтып берді. Цифрлық кеңістікте өз тауашасын табудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Айгүл аудиторияның назарын аудару және әлеуметтік желілерде табысқа жету үшін өз имиджін қалай құру және дамыту керектігін түсіндіре отырып, онлайн-әлемде жеке брендтің болуының маңыздылығын атап өтті.
Дәріс соңында студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан толық жауаптар мен құнды кеңестер алды.