MNU Logo
Астанада MNU Студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті - MNU

27.11.2025

Астанада MNU Студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Maqsut Narikbayev University (MNU) Студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шарада бірінші курс студенттері ант берді.

Ауқымды іс-шара бес мыңнан астам адамды біріктірді. Олардың қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, дипломатиялық миссиялар, халықаралық компаниялар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, халықаралық серіктестер, студенттер мен ата-аналар, MNU профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері және түлектері болды. Іс-шара қатысушыларын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі құттықтады.

«Maqsut Narikbayev University әділеттіліктің, құқықтың және заңдылықтың негізінде құрылған жоғары оқу орындарының бірі. Университет академиялық адалдық принциптерінің негізін қалаған. Сонымен қатар MNU елімізде білім сапасы, жоғары деңгейлі халықаралық аккредитациялары, түлектер қауымдастығы және қоғамға қызмет етуімен әйгілі», – деді Саясат Нұрбек.

Ауқымды кеш «Arman Iesi. Think. Create. Lead» тақырыбында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауданы 800 шаршы метрді құрайтын Қазақстанның ең үлкен туы мен ауданы шамамен 300 шаршы метрді құрайтын «Заң мен тәртіп» нарративінің үлкен туын ашу рәсімі өтті. Бұл отансүйгіштік сезім мен адами құндылықтардың жарқын көрінісі және мемлекеттің институттарына деген тұрақтылықтың, құқықтық тәртіптің және сенімнің символы болды.

«Arman Iesi. Think. Create. Lead» тақырыбы – бұл жаңа ұрпаққа кең ойлап, батыл қадам жасап, өз арманы мен болашағының иесі болу үшін адалдық пен даналықпен алға басу. Жасанды интеллект барлық сұраққа кез келген жауап бере алатын әлемде білімге ие болу ғана емес, оны түсіну, талдау, ойлау және сезіну де маңызды. Болашақ көшбасшылары – өз идеяларымен және нәтижелерімен әлемді алға жетелейтін азаматтар», – деді MNU Провосты Анар Ибраева.

Кештің басты оқиғасы – университеттің төрт жоғары мектебінің Студенттер қатарына қабылдау кубогы үшін күресі болды. Сайыс барысында студенттер жүзеге асырылған әлеуметтік жобаларды таныстырып, іс-шара тақырыбы бойынша театрландырылған қойылымдарды көрсетті. Тақырып арманға дұрыс ие болу, өз ұмтылыстарымен басқара білу, жеке жолын құрып, идеяны нақты іс-қимылға айналдыруды айшықтады. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етуін және олардың жер жүзінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге тез бейімделуі туралы айтқан болатын.

Студенттер қатарына қабылдау кубогы тағдырын MNU түлектері, қала әкімшілігі, қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық қорларының өкілдерінен құралған әділқазылар алқасы шешті. Сайыс қорытындысы бойынша Халықаралық экономика мектебі жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Халықаралық журналистика мектебі креативті және жарқын қойылымы үшін университет басшылығының арнайы жүлдесін иеленді.

«Жеңістің дәмін сезіну керемет. Біз көп күш жұмсадық, сахнаға шығу үшін бірнеше ай дайындалдық. Бұған қоса жаңа достарымыз пайда болып, үлкен тәжірибе жинадық. Біздің мектебіміз өзінің 20 жылдығында чемпион атағын қорғады», – деді Халықаралық экономика мектебінің студенті Арайлым Әмірхан.

Іс-шара танымал әнші Yenlik пен аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің өнер көрсетуімен аяқталды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз