2023 жылғы 23 мамырда MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY жыл сайынғы ISE Бизнес Кеңесінің отырысын өткізді. Отырыстың мақсаты – жұмыс берушілерден ұсыныстар мен кеңестер жинау арқылы мектептің академиялық бағдарламасын жетілдіру және түлектеріміздің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Бұл жылғы Бизнес Кеңесінің отырысы Халықаралық қатынастар бағдарламасына арналды. Отырысқа үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, атап айтқанда, АӨСШК, ЕҚЫҰ, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты, Экономикалық зерттеулер институты, Kazakh Invest және Дипломатия институты қатысты.
Барлық Бизнес Кеңес мүшелеріне олардың қатысуы, құнды ұсыныстары және университетіміздің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
