17 ақпанда университетте БҰҰ Қазақстандағы Коммуникациялар және Адвокация жөніндегі маманы Эльнара Байназарова тарапынан қонақ дәрісі өткізілді. Дәрістің тақырыбы – «БҰҰ құрылымы және жүйесі».
Эльнара халықаралық ұйымдардың құрылымы мен жүйелерін талқылады, өзінің кәсіби өсу тәжірибесімен бөлісті және студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Құнды уақытын бөліп, білім мен тәжірибесін студенттермен бөліскені үшін Эльнара ханымға алғыс білдіреміз!
