MNU Logo
MNU жас ғалымдар мен сарапшыларды жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады - MNU

15.02.2026

MNU жас ғалымдар мен сарапшыларды жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады

Болашақ заңгерлер, жас ғалымдар мен сарапшылар Maqsut Narikbayev University-де жаһандық технологиялық өзгерістер дәуіріндегі құқық трансформациясын талқылайды. Университетте жыл сайынғы халықаралық «MNU Annual Legal Conference – 2026» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Іс-шара тақырыбы – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы құқық: динамика және тұрақтылық». Бұл – қазіргі заманғы сын-қатерлерді талдауға, құқықтық коллизиялардың шешімдерін іздеуге және заң ғылымындағы жаңа трендтерді қалыптастыруға дайын жастарға арналған алаң. Қатысуға студенттер, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ тәжірибелі заңгерлер, судьялар және мемлекеттік қызметшілер шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді:
– Құқық теориясы және философиясы;
– Конституциялық құқық;
– Халықаралық жария және жеке құқық;
– Жеке құқық;
– Жалпы және ерекше әкімшілік құқық, әкімшілік процесс;
– Еңбек құқығы;
– Қылмыстық құқық және қылмыстық сот төрелігі.

Қатысушылардың материалдарына ISBN, ӘОЖ және КБС индекстері беріліп, жинаққа енгізіледі (MNU сайтында орналастырылады). Сонымен қатар сертификаттар беріліп, үздік спикерлер арнайы номинациялармен марапатталады. Іс-шара аясында қатысушылар академиялық және кәсіби қоғамдастықтың жетекші өкілдерімен тәжірибе алмаса алады.

Ғылыми-тәжірибелік конференция осы жылғы 17 сәуірде MNU-да қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Қатысушылардан ұйымдастыру жарнасы талап етілмейді. Материалдарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 25 наурызға дейін.

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын толық талаптар мен тіркелу осы сілтеме арқылы қолжетімді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз