MNU-де Әйелдер тәлімгерлік клубы жұмыс жасайды. Клубтың басты мақсаты — студент қыздар мен университет қызметкерлерін көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, мотивациясын арттыруға және өз әлеуетіне деген сенімді нығайтуға жан-жақты қолдау көрсету. Клуб тәжірибе және кеңес алмасуға, тәжірибелі әйелдердің тәлімгерлігіне, сондай-ақ мансаптық мақсаттарды айқындауға арналған алаң ұсынады. Клубтың негізгі міндеттеріне өзіне деген сенімділікті дамыту (өзін құрметтеу, мақсат қою), мотивацияны арттыру (позитивті ойлау, мақсатқа ұмтылу) және өз қабілеттеріне сенімді нығайту (өзін-өзі дамыту, жетістіктерді мойындау) кіреді.
2024 жылы Клуб өз миссиясын айқындайтын бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырды:
• Студент қыздардың құқықтарын қорғау және гендерлік теңдік туралы дәріс (16 қазан);
• Асельжан Сарбалинаның қатысуымен “Әлемнің үздік бес университетінен ұсыныс алу тәжірибем” атты қонақ дәрісі (2 сәуір);
• Әйелдік пен өзіне деген сенімділікті дамытуға арналған “Алла Ильчун. Еуропаны бағындырған қазақ қызы” атты кездесу, қонақ – Алма Сайлауқызы (6 наурыз);
• Cеместр қорытындыларын шығару мақсатында тәлімгерлер мен клуб менеджерлерінің қорытынды кездесуі (14 мамыр).
