2023 жылғы 12 қыркүйекте Maqsut Narikbayev University-де Халықаралық қаржы орталығы «Астана» (АХҚО) Халықаралық арбитраж орталығы студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған мастер-класс ұйымдастырды. Іс-шара барысында АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрағасы Томас Крюммель «Тіл мен құқықтық мәдениеттің коммерциялық шарттарға әсері» тақырыбында баяндама жасады, АХҚО МАЦ-тың алғашқы төрайымы және төрешілер панелінің мүшесі Барбара Доманн ТС «Ағылшын және англо-америкалық контексте судья/арбитр шешімін дайындау кезінде қалай әрекет етеді» тақырыбында сөз сөйледі, сондай-ақ Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебінің директоры, профессор Роман Сергеевич Мельник «“Жұмсақ құқық” және оны сот шешімін негіздеу үшін пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.
Мастер-класс қатысушыларға халықаралық арбитраждың ерекшеліктерін, құқықтық мәдениеттердің айырмашылықтарын және құқықтық уәждемені қалыптастырудағы тілдің рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.