MNU Logo
MNU-да МВА бағдарламасының тыңдаушыларына диплом табысталды - MNU

25.07.2025

MNU-да МВА бағдарламасының тыңдаушыларына диплом табысталды

Maqsut Narikbayev University-де МВА бағдарламасының тыңдаушыларына салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті. Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін 30 адам алды.

Диплом иегерлерінің арасында консалтинг пен білім беру саласындағы мамандар, кәсіпкерлер мен бизнес иелері бар. Түлектерге дипломдарды MNU провосты Сергей Пен және MNU Бизнес мектебінің директоры Рафхат Бозбалиев табыстады. Провост магистрлерді құттықтап, дипломдардың бизнес-білім берудің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкестігін атап өтті.

«Мен сіздердің барлығыңыздың оқуды лайықты аяқтағандарыңызға шын жүректен қуаныштымын. Біздің МВА бағдарламасы беделді халықаралық FIBAA агенттігінің премиум мөріне ие. Әрине, алған дипломыңыз сіздің мансабыңыз бен кәсібіңізге өз әсерін тигізеді. Сіздер біліммен қатар әлеуметтік капитал, тәжірибе және нетворкинг алдыңыздар», – деді Сергей Пен.

Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University Бизнес мектебі МВА, ЕМВА және DBA білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Бағдарламалар стратегиялық ойлауды, көшбасшылық қасиеттер мен бизнесті жүргізудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұдан басқа, тыңдаушыларға Swiss international school of business-пен (Швейцария) бірге қос диплом бағдарламасы қолжетімді.

«MNU басшылығы мен оқытушыларға қолдау көрсеткені және бізге берген білімдері үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін осы екі жылдық оқу қызықты саяхат болды, ол көңілді де, мұңды, қиын, бірақ өте құнды және жарқын болды», – деді MNU Бизнес мектебінің түлегі, Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.

Биылғы жылы Maqsut Narikbayev University дипломдарын шамамен 900 адам алды, олардың ішінде МВА және ЕМВА бағдарламаларының 68 түлегі бар.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз