MNU Logo
MNU-да Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің сарапшыларының қатысуымен медиафорум өтті - MNU

04.12.2025

MNU-да Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің сарапшыларының қатысуымен медиафорум өтті

Maqsut Narikbayev University-де Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігімен бірлесе үшінші өңірлік медиафорум өтті. Іс-шараға қатысушылар жасанды интеллект және ақпаратты манипуляциялау дәуірінде онлайн болу туралы пікір алмасты.

Жыл сайынғы іс-шараға Орталық Азияның барлық елдерінен жүзден астам журналистер, фактчекерлер, медиаменеджерлер, азаматтық қоғам мен медиа ұйымдардың өкілдері және студенттер қатысты. Сарапшылар жасанды интеллекттің рөлі, цифрлық қауіпсіздік және ақпараттық ортаның тұрақтылығы туралы айтты. Сондай-ақ дипфейктер, ЖИ арқылы жалған хабарлар, журналистік тұрақтылық, медиа саласындағы кәсіби мамандардың бейтараптығы және ақпараттық қауіпсіздігі туралы практикалық воркшоптар өткізілді.

«Әртүрлі көзқарастарды ұсынып, ақпарат құралдары қауымдастықтар арасында диалог пен түсіністікті дамытады. Дағдарыс кезеңдерінде БАҚ дәл әрі жедел ақпарат таратудың аса қажет құралына айналады. Журналистердің еңбегі азаматтардың ақпараттандырылған күйде болуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Ал ақпараттандырылған қауымдастықтар – бейбіт әрі дамыған қоғамның негізі», – деді ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс.

Арнайы өкіл атап өткендей, Еуропалық Одақ Орталық Азияда медиа еркіндігі және цифрлық тұрақтылықты нығайту жолында сенімді, ұзақ мерзімді серіктесті болып қала береді. Форум барысында қатысушыларға осы күндері Астанаға ресми сапармен келген Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның жылы лебізі жеткізілді. Іс-шара ЕО мен Орталық Азия медиа қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтқан маңызды өңірлік оқиға болды.

«Форум жаңа кәсіби мәдениеттің бір бөлігіне айналатын мәселелерді көтереді. Біздің университет журналистерді дайындайтын жоғары оқу орындарының қатарында және биыл біз бітіруші курстың барлық студенттері үшін ЖИ курсын енгіздік. Сонымен қатар ЖИ зертхананы іске қостық. Бұл цифрлық ортада сенімді мамандарды даярлауға мүмкіндік береді», – деді MNU Провосты Анар Ибраева.

Медиафорумға қатысушылар сондай-ақ MNU Халықаралық журналистика мектебінің қызметімен танысты.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды
05.12.2025

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды

Maqsut Narikbayev University-де Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов сөз сөйледі. Ол болашақ...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз