MNU Logo
«Құқық» бағыты бойынша АӘБ жұмыс тобының отырысы — 25.08.2025 - MNU

26.08.2025

«Құқық» бағыты бойынша АӘБ жұмыс тобының отырысы — 25.08.2025

2025 жылғы 25 тамызда негізгі жоғары оқу орны болып табылатын Maqsut Narikbayev University жетекшілігімен «Құқық» бағыты бойынша Академиялық-әдістемелік бірлестік (АӘБ) алаңында Жұмыс тобы өз жұмысын бастады. Жұмыс тобының құрамына «Құқық» бағыты бойынша АӘБ-ке мүше жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Әділет академиясы сияқты ведомстволық жоғары оқу орындары, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және құқық саласындағы жұмыс берушілердің өкілдері кірді. Бұл бастама 2025 жылдың көктемінде өткен Парламенттік тыңдаулардың ұсынымдарына сәйкес 2025–2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құқықтық білім беруді дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылды.

Алғашқы күні «Құқық» бағыты бойынша АӘБ төрағасы Т.М. Нарикбаев қатысушыларды қарсы алып, үш жұмыс күні ішінде базалық жоғары оқу орнының алаңында өтетін отырыстар бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаның мақсаты – «Құқық» бағыты бойынша АӘБ тарапынан тиісті шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу және іске асыру.

Жоғары оқу орындарының және құқықтық нарықтағы жұмыс берушілердің өкілдері алғашқы күнді күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылауға арнады:

  1. • Жұмыс берушілердің сұраныстарына және жасанды интеллектіні қолдануға сәйкес «Құқық» бағытындағы білім беру бағдарламаларын өзектендіру;
  2. • Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (МЖМБС) аясында пәнаралық курстарды енгізу;
  3. • «Құқық» бағытындағы білім беру бағдарламаларының жаңа түлегінің моделін әзірлеу;
  4. • ЖОО-лардағы заң клиникаларының қызметі.

Білім беру саласында жасанды интеллектінің рөлі, оның түрлері және қолдану стандарттарын әзірлеу мәселелері бойынша қызу пікірталас өтті. Maqsut Narikbayev University-де студенттерді жасанды интеллектіні қолдануға үйретуге бағытталған «Жасанды интеллектке кіріспе» курсы әзірленуде. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының жетекшісі Э.Л. Бабаджанян және «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының жетекшісі А. Абылайұлы жұмыс тобының қатысушыларын курс мазмұнымен таныстырды.

Жұмыс тобы ерекше назар аударған екінші маңызды тақырып — «Құқық» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының жаңа түлегінің моделін әзірлеу. Бұл тұрғыда негізгі басымдық түлектердің иеленуі тиіс дағдылар мен құзыреттерге берілді. Жоғары оқу орындарындағы заң клиникаларының қызметі жұмыс тобының жеке қарауына шығарылды. Zoom конференциясы арқылы Қырғызстаннан әріптестер — Қырғыз Республикасының Заң клиникалары қауымдастығының президенті А. Бакиров және Орталық Азиядағы Американ университетінің Заң клиникасының жетекшісі Жанат Ковальчук қосылды. Олар Қырғыз Республикасындағы заң клиникаларының тәжірибесімен бөліскен болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз