Астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында “Медиаклуб” алаңында кездесу өтті.
Бұл бейресми кездесуде медиа саласындағы өзекті мәселелер мен қиындықтар талқыланды. Журналистер дәстүрлі және жаңа медиа, заң жобалары және министрлік қарамағындағы басқа да мәселелер туралы пікір алмасты.
Министр журналистердің барлық сұрақтарына жауап беріп, кездесуге белсенді қатысқандары үшін оларға алғыс айтты.