MNU Logo
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ САЯСАТ НҰРБЕК MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ҚОНАҚ ДӘРІСІН ӨТКІЗДІ - MNU

08.11.2024

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ САЯСАТ НҰРБЕК MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ҚОНАҚ ДӘРІСІН ӨТКІЗДІ

Астана, 7 қараша Maqsut Narikbayev Universityде Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Қазақстан – өңірлік білім беру хабы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Министр Қазақстандағы жоғары білім беруді дамыту және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық туралы сөз қозғады.

Саясат Нұрбек Министрліктің Қазақстанда халықаралық университеттердің кампустарын салу үшін жағдай жасай отырып, Қазақстанды ірі академиялық хабқа айналдыру жоспарында екенін ерекше атап өтті. Ол биыл елге оқуға 30 мыңға жуық шетелдік студенттер келгенін атап өтті. «Біз халықаралық университеттерді тартатын осындай экожүйені құра отырып, Қазақстанды академиялық орталық ретінде дамытуға ұмтыламыз. Мемлекет жер телімдерін бөліп, басқа да ынталандырушы шараларды ұсына отырып, бұл бастаманы жан-жақты қолдайды, бұл бастама ел үшін де экономикалық тиімді шешім болады», – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Министр Қазақстанның барлық студенттері үшін оқу бағдарламасының бір бөлігі болатын жасанды интеллект бойынша міндетті курсты енгізу жоспарлары туралы айтты. Google-мен бірлесіп әзірленген бұл курс цифрлық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және жастарды қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономика жағдайында жұмыс істеуге дайындайды. Қазіргі уақытта еліміздің 14 университетінде пилоттық курс іске қосылып, болашақта оны Қазақстанның басқа ЖОО-ларында қолдануды кеңейту жоспарлануда.

Дәріс соңында Саясат Нұрбек студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен келешегін қозғады. Академиялық ұтқырлықты арттыру, жас ғалымдарды қолдау және білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту сияқты тақырыптар талқыланды. Студенттер министрге өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алу және білім беруді дамытудың негізгі мәселелері бойынша Министрліктің ұстанымдарымен танысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды
05.12.2025

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды

Maqsut Narikbayev University-де Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов сөз сөйледі. Ол болашақ...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз