Maqsut Narikbayev University-де білім беру процесінің тиімділігін арттыру бойынша кешенді жұмыс жалғасуда. Көктемгі семестр қарсаңында профессорлық-оқытушылар құрамына арналған тренинг өтті.
Тренингті сертификатталған бизнес жаттықтырушы, стратегиялық менеджмент саласындағы сарапшы Қайсар Мақан жүргізді. Ол тиімді оқытудың негізгі элементтері, студенттердің жаңа буынының ерекшеліктері және сабақ барысында заманауи интерактивті форматтарды қолданудың маңыздылығы туралы айтып берді. Сондай-ақ студенттерді оқыту процесіне белсенді тартуға бағытталған практикалық құралдармен бөлісті.
Айта кетейік, тренингке университеттің жүзге жуық оқытушысы қатысты.




