MNU Logo
MNU Беларусьтің университеттері және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтасады - MNU

05.11.2025

MNU Беларусьтің университеттері және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтасады

Maqsut Narikbayev University халықаралық серіктестер желісін кеңейтуді жалғастыруда. Университет Беларусьтің жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық туралы келісім орнатты.

Минскіде Беларусь пен Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының мерейтойлық отырысы өтті. Іс-шара университет басшыларының, сондай-ақ бейінді министрліктер мен екі мемлекеттің дипломатиялық корпусы өкілдерінің қатысуымен өтті. Отырыс барысында консорциум жұмысы Қазақстан – Беларусь білім беру ынтымақтастығының қозғалтқышы және бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды талқылау мен академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін маңызды алаң болып табылатыны атап өтілді.

Маңызды оқиғалардың бірі Ғылыми-білім беру консорциумы мүшелерінің санын кеңейту туралы шешім болды. MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен университеттің консорциумға қосылуы туралы келісімге қол қойып, ғылыми-білім беру саласындағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді. Бұдан басқа, «МИТСО» Халықаралық университеті және П.М. Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Айта кетейік, консорциум құрамында 60-тан астам қазақстандық және белорустық университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар. Бiрлестiк ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру мен жүргiзудегi табысты тәжiрибенi алмасуға және таратуға, академиялық ұтқырлықты жандандыруға, ғылым, бiлiм беру және мәдени салалардағы интеграция процесiне ғалымдар, оқытушылар мен студенттердi тартуға бағытталған. Беларусьтің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богданов атап өткендей, 10 жыл бойы консорциум екі достас елдің академиялық байланыстарын нығайту, бірлескен білім беру бағдарламалары мен зерттеу жобаларын іске асыру, жоғары білім және ғылым саласында тәжірибе алмасу үшін тиімді платформа болды.

Айта кетейік, MNU бұған дейін «Қытай – Орталық Азия» Заңгерлік білім беру альянсына қосылған болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз