MNU Logo
MNU CUP: 150-ден астам студент еліміздің үздік пікірсайысшысы атағы үшін сайысқа түсті - MNU

30.03.2026

MNU CUP: 150-ден астам студент еліміздің үздік пікірсайысшысы атағы үшін сайысқа түсті

Республиканың түкпір-түкпірінен келген 150-ден астам студент пен магистрант үздік пікірсайысшы атағы үшін сайысқа түсті. Maqsut Narikbayev University-де MNU CUP 2026 жыл сайынғы дебат турнирі өтті.

Интеллектуалдық сайыс 80 команданы біріктірді. Екі күн бойы қатысушылар британдық парламент форматында көпшілік алдында сөз сөйлеу, дәлелдеу, сыни ойлау және көшбасшылық дағдыларын көрсетті. Турнир алғаш рет үш тілдік лигада ұйымдастырылды.

«MNU CUP алаңы студенттердің шешім қабылдау, өз ұстанымдарын қорғау және басқа көзқарасты құрметтеу қабілетін дамыту үшін құрылған. Дебат кәсіби құзыреттілік пен дәлелді диалог мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Турнирге қатысу барлығы үшін болашақта көмегін тигізетін үлкен тәжірибе болатынына сенімдімін», – деді MNU Провосты Анар Ибраева.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар елордалық үш жоғары оқу орнының командалары арасында бөлінді. Nazarbayev University орыс және ағылшын лигаларында чемпион атанды, ал қазақ лигасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ командасы бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар Maqsut Narikbayev University өкілдері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өкілдерімен бірге қазақ лигасында вице-чемпион атанып, Nazarbayev University студенттерімен бірге орыс лигасында екінші және үшінші орындарды иеленді.

«Пікірталас – өмір мектебі. Мен де бір кездері дебат қоғамдастығының мүшесі болдым. Сол кезде алған дағдыларым кәсіби және мемлекеттік қызметтегі табыстың айқындаушы факторларының біріне айналды», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

Турнир барысында MNU түлегі Айым Айтпанбет Ұлттық пікірсайыс федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды. Сайыс жеңімпаздары, үздік спикерлер мен төрешілер естелік дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Астана медицина университетінің студенті Айдана Жәнібекқызы төрешілер алқасының кәсібилігін және турнирдің мазмұнды бөлігін атап өтті.

«Турнирдің атмосферасы шынымен де ерекше және эмоцияға толы болды. Төрешілердің кәсібилігі, ерекше қарарлар мен мықты командалардың қатысуы сайысты барынша қызықты етті. Біз MNU-ға жастарға өз әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік беретін осындай деңгейдегі алаң құрғаны үшін алғысымызды білдіреміз», – деді Айдана Жәнібекқызы.

Айта кетейік, университетте дебаттық турнирлер 2003 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз