Maqsut Narikbayev University-де Centrasia Group компаниясының Басқарма төрағасы Алмас Құдайберген сөз сөйледі. Ол MNU Бизнес мектебінің қонақ дәрістер циклінің алғашқы қонағы болды.
Алмас Құдайберген өзінің табысқа жетудің құпияларымен бөлісіп, өзінің мансап жолы мен кәсіпкерлік саласындағы қиындықтары туралы әңгімеледі. Ол халықаралық тәжірибені, оның мұнай-сервистік компаниясының жоғары бәсекелестік жағдайында Қатар нарығына шығуын ерекше атап өтті. Сонымен қатар бизнесмен дәріске қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, құнды кеңестер берді.
Айта кетейік, Алмас Құдайберген құрамына мұнай сервистік кәсіпорындар кіретін Centrasia Group компаниясының негізін қалаушы және басқарушысы. Сондай-ақ ол Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялар одағы, YPO Kazakhstan және «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі. Forbes Kazakhstan рейтингісінің деректері бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмендерінің қатарына кіреді.


