2024 жылдың 9-10 тамыз аралығында Maqsut Narikbayev University қабырғасында ҚР Президентінің Телерадиокешені ұйымдастыруымен ҚазАқпарат басылымының өңірлік журналистеріне арналған екі күндік семинар-тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты тәжірибе алмасу, оқыту және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Екі күн ішінде журналистер семинар-тренингке қатысты, онда сарапшылар мәтін жазу, тақырып қою, ашық көздерден ақпарат жинау және талдау бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, ҚР Президентінің Телерадиокешені мен ҚазАқпарат ХАА ұжымымен таныстыру мен арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Журналистер құрылымдық бөлімшелермен және басшылық таныса алды, пікірталастарға белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойды.
Сонымен қатар, ҚР Президентінің Телерадиокешенімен бірлесіп ашылған Maqsut Narikbayev University Халықаралық Журналистика Мектебіне экскурсия өткізілді. Бұл бірегей білім беру жобасы қазақстандық БАҚ үшін шығармашылық және техникалық мамандарды даярлауға бағытталған.
Аталмыш шара Қазақстанның жетекші журналистері арасында білім алмасу және кәсіби байланыстар орнату үшін бірегей мүмкіндік ұсынып, медиа-мамандардың желісін нығайтты және жалпы саланың дамуына ықпал етті.