Maqsut Narikbayev University-де Қазақстанның халықаралық келісімдерге қосылу перспективалары бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар екі Гаага конвенциясын қабылдау мүмкіндігін талқылады.
Пікірталасқа жетекші отандық және халықаралық сарапшылар қатысты. Олар Сотты таңдау жөніндегі келісімдер туралы конвенцияны (2005 ж.) және Азаматтық және сауда істері жөніндегі шетелдік сот шешімдерін тану және орындау туралы конвенцияны (2019 ж.) ратификациялау перспективалары жөнінде пікір алмасты. Бұл конвенциялар трансшекаралық сот төрелігі принциптерін біріздендіруде маңызды рөл атқарады және халықаралық сауданы дамытуға ықпал етеді.
Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры және ҚР Сот әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, аталған келісімдерді ратификациялау сот актілерін шетелде тану рәсімін едәуір жеңілдететінін, осыған байланысты шығындар мен мерзімдерді азайтатынын атап өтті. Олар сондай-ақ бұл қадам төрелік жөніндегі Нью-Йорк конвенциясына ұқсас, бірақ сот шешімдеріне қолданылатын бірыңғай құқықтық режимді құра отырып, ұлттық сот жүйесіне деген сенім мен елдің инвестициялық тартымдылығын арттыратынын атап өтті.
«Германияда бұл конвенциялар өте сирек қолданылады, бірақ мұндай іс-шаралар осы конвенцияларды бағалауды арттыру мен олардың қаншалықты қажет екенін түсіну үшін өте маңызды деп санаймын», – деді Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының жоба менеджері Лариса Викленко.
Сарапшылардың пікірінше, шағын және орта бизнесті қолдау маңызды аспект болып табылады, өйткені қарызды өндіріп алу және шетелде құқықтарды қорғауды жеңілдетіледі. Сондай-ақ шетелдік сот шешімдерін мойындау мен орындаудың тиімді тәсілдерін әзірлеу үшін шет мемлекеттердің тәжірибесін талдауға ерекше назар аударылды. Айта кетейік, MNU Қазақстандағы Гаага конференциясының өкілі болып табылады.


