MNU Logo
Қос диплом: MNU студенттердің академиялық мүмкіндіктерін кеңейтті - MNU

11.06.2025

Қос диплом: MNU студенттердің академиялық мүмкіндіктерін кеңейтті

Maqsut Narikbayev University білім алушылар үшін қос диплом алу мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Университет АҚШ, Англия, Германия, Швейцария, Франция, Ресей, Өзбекстан және Оңтүстік Корея оқу орындарымен қос дипломды бағдарламаларды ұсынады.

Биыл MNU 30-дан астам бакалавриат, магистратура, докторантура, МВА, ЕМВА және DBA білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бағдарламалар 10 беделді халықаралық агенттігімен аккредиттелген, олардың қатарында британдық QAA агенттігі де бар. Сонымен қатар студенттер, магистранттар және МВА, ЕМВА, DBA бағдарламаларының тыңдаушылары шетелдік университеттің дипломын ала алады.

Maqsut Narikbayev University-дің бірқатар жоғары оқу орындарымен келісімі бар. Олардың қатарында Penn State University (Юниверсити-Парк қ., АҚШ), University of Liverpool (Ливерпуль қ., Англия), Ташкент мемлекеттік заң университеті (Ташкент қ., Өзбекстан) және SolBridge International Business School (Тэджон қ., Оңтүстік Корея). Сондай-ақ Германияның жоғары оқу орындары – Hof University of Applied Sciences (Хоф қ.), Martin Luther University Halle-Wittenberg (Галле қ.), Hochschule Wismar (Висмар қ.), Францияның жоғары оқу орындары – Collège de Paris (Париж қ.), Montpellier Business School (Монпелье қ.), Excelia Group пен Excelia Tourism School (екеуі де Ла-Рошель қаласынан), Ресейдің жоғары оқу орындары – «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университеті (Мәскеу қ.), Орал мемлекеттік заң университеті (Екатеринбург қ.) және Швейцарияның жоғары оқу орындары – University of Business and International Studies (Женева қ.), Swiss Hotel Management School, Hotel Institute Montreux пен Swiss International School of Business (барлығы Монтрё қаласынан).

Білім алушылар үшін жеке білім беру бағдарламалары мен аралас бағдарламалар (бакалавриат + магистратура) қолжетімді. Бұдан басқа, 40-қа жуық қосымша сертификаттауды игеру және 100-ден астам шетелдік университеттерді қамтитын академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар. Қос дипломдық бағдарламалар туралы толығырақ MNU қабылдау комиссиясынан (+7 700 170 30 30 және +7 717 270 30 30) немесе 15 маусым күні, сағат 10:00-де басталатын Ашық есіктер күні (Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8) арқылы білуге болады.

Еске салайық, Maqsut Narikbayev University миссиясы – Біз сапалы және қолжетімді білім беру арқылы қоғамға қызмет етеміз.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз