Maqsut Narikbayev University Еуропалық жария құқық ұйымымен ынтымақтастық туралы келісті. Келісімге Астанадағы «Қазақстан – академиялық білім аумағы» стратегиялық серіктестер форумы аясында қол қойылды.
Құжат академиялық тәжірибе алмасу және бірлескен зерттеулер бойынша ықтимал жобаларды іске асыруды көздейді. Еуропалық жария құқық ұйымы жария құқық саласындағы білімді таратумен және еуропалық құндылықтарды ілгерілетумен айналысады. Ұйым сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесіне ие.
Айта кетейік, форум аясында MNU студенттері Қазақстан Президентімен кездесті.