Maqsut Narikbayev University мен ҚР Әділет министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат цифрландыру және құқықтық мәдениетті нығайту салаларын қамтиды.
ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков атап өткендей, аталған стратегиялық қадам заңгерлік қызметтердің сапасын арттыруға және құқықтық көмекті әрбір азаматқа қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Ынтымақтастық аясында құқық және білім беру саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу және қазақстандықтарға тегін құқықтық көмекті қамтамасыз ететін «Қүқықтық клиника» жалпыұлттық жобасын дамыту жоспарлануда. Сонымен қатар тараптар Конституцияда бекітілген әділдік, ашықтық және жауапкершілік құндылықтарын ұсынатын заңгерлердің жаңа буынын дайындауға назар аударатын болады.
«Біздің университет 30 жылдан астам уақыт бойы заң саласындағы құзыреттілік орталығы болып табылады. Енді біз Әділет министрлігімен бірге келесі қадамды жасаймыз – әділетті мемлекет принциптері мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыратын қабілетті мамандарды даярлау үшін озық технологияларды енгізудеміз», – деді Maqsut Narikbayev University провосты Сергей Пен.
Айта кетейік, меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті.