MNU Logo
MNU түлектері білімнің жоғары сапасын тағы да растады - MNU

11.10.2025

MNU түлектері білімнің жоғары сапасын тағы да растады

Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің түлектері алған білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын растады. Олар беделді халықаралық емтиханды сәтті тапсырды.

MNU «Қаржы саласындағы іскерлік әкімшілендіру» білім беру бағдарламасының осы жылғы түлектері Аружан Сейфолла, Саид Мұсаев және Альбина Күмісбаева CFA (Chartered Financial Analyst) Level I емтиханын бірінші талпынысында сәтті тапсырды. Емтихан үш деңгейден тұрады, олардың әрқайсысы үміткерлердің қаржылық талдау және инвестициялық менеджмент саласындағы білімдерін тексереді. Бұл нәтиже түлектерге халықаралық компанияларда табысты мансап құруға үлкен мүмкіндіктер ашады.

«Оқытушыларымызға алғыс айтқым келеді, өйткені олардың арқасында білім беру бағдарламалары керемет қарқынмен дамуда. Біздің университет шетелдік жоғары оқу орындары деңгейінде білім береді және нарықта мықты мамандар дайындайды. Аккредиттелген курстарда оқу қаншалықты қиын болса да, уақыт өте келе ол өз жемісін беруде. Қазақстандағы жоғары білім беру стандарттарын ұдайы арттырып, студенттердегі ең үздік құндылықтарды насихаттап отырғандарыңызға рахмет», – деді MNU түлегі Альбина Күмісбаева.

Бұдан басқа, MNU түлектері оқу кезінде KPMG және Freedom Broker компанияларына жұмысқа орналастырылды. Бұған дейін CFA емтиханын Әсия Кенжетаева, Әйгерім Тұрсынбек және магистрант Ербол Даржанов сәтті тапсырған болатын. Биыл бүкіл әлем бойынша CFA Level I емтиханын тапсырудың орташа пайызы осы сессияда 43%-дан асқан жоқ.

Айта кетейік, Халықаралық экономика мектебінің бакалавриат және магистратура бағдарламалары CFA Institute серіктестік бағдарламалары қатарына кіреді және бұл олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды. Оқу жоспарлары жаһандық қаржы қоғамдастығында қабылданған кәсіби этика мен мінез-құлық стандарттары мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, CFA® (CBOK®) базалық білім жиынтығының кемінде 70%-ын қамтиды. Сондай-ақ жоғары академиялық нәтижелердің арқасында студенттер CFA стипендиялық бағдарламасына қатысып, емтиханды жеңілдетілген шарттармен тапсыру мүмкіндігін алады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз