MNU Logo
MNU-да көрнекті ғалым Салық Зимановты еске алды - MNU

22.02.2026

MNU-да көрнекті ғалым Салық Зимановты еске алды

Maqsut Narikbayev University-де көрнекті ғалым, академик Салық Зимановты еске алды. Университеттің Құрметті ректорының 105 жылдығына орай «Zimanov Readings: заманынан озық ойлар» атты ғылыми-ағартушылық іс-шара өтті.

MNU студенттері мен оқытушылары ғалымның Қазақстанның құқықтық негіздерін қалыптастыру мен дамытуға қосқан үлесі және құқықтық мұрасын талқылады. Іс-шараға қатысушылар академиктің жоғары кәсіби біліктілігін, ғылыми батылдығы мен оның отандық заң ғылымы мектебінің қалыптасуындағы ерекше рөлі туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар профессордың еңбектері таныстырылды.

«Салық Зимановтың философиялық тұжырымдары өзектілігін жоғалтқан емес. Ғалымның заң мен мемлекет туралы пайымдары тәуелсіз Қазақстанның құқықтық дамуы жағдайында жаңа мазмұнға ие болып, заманауи реформалармен үндесіп отыр. Салық Зимановтың әрбір сөзі – уақыт сүзгісінен өткен тұжырым. Бүгінде оның ойлары қоғамға бағдар беретін рухани-идеялық темірқазық іспетті», – деді MNU Emeritus Professor-ы Рамазан Нұртаев.

Айта кетейік, Салық Зиманов қазақ ғалымдары арасындағы тұңғыш заң ғылымдарының докторы ретінде танымал. Оның «18 ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси құрылымы», «Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Парламенті», «Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарастары» және басқа да ғылыми еңбектері заң ғылымдарының «алтын қорына» енді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз