MNU Logo
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК MNU ҚАБЫРҒАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ЖАҢАРТУ: БОЛАШАҚТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА БАЯНДАМА ҰСЫНДЫ - MNU

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК MNU ҚАБЫРҒАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ЖАҢАРТУ: БОЛАШАҚТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА БАЯНДАМА ҰСЫНДЫ

Post Image
04.02.2025

2025 жылдың 4 ақпанында MIND MNU, Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, 2025 жылғы Қазақстан экономикасын жаңарту туралы баяндама ұсынды. Шара барысында фискалдық саясат, тұрақты инвестициялар және Қазақстан экономикасының соңғы аналитикалық деректері туралы жоғары деңгейдегі талқылау өткізілді.

Жылдық есепте Қазақстанның экономикалық дамуына, өсу перспективаларына және саяси сын-қатерлерге шолу жасалды. Іс-шараның модераторы Дүниежүзілік Банктің жаһандық макроэкономика, сауда және инвестициялар жөніндегі аға экономисі Наташа Шарма болды. 

Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түркменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев Маqsut Narikbayev University-ге баяндаманы ұсыну мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, 2025-2026 жылдардағы Қазақстанның фискалдық саясаты ынталандырушы сипатта екенін, алайда бюджет тапшылығының айтарлықтай екендігін атап өтті. Қоғамдық борыштың басқарылатын деңгейі сақталса да, ішкі қарызға тәуелділіктің өсуі және бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордың пайдаланылуы оның ұзақ мерзімді тұрақтылығына алаңдаушылық туғызады.

Дүниежүзілік банк баяндамасы дәстүр бойынша үкімет, бизнес қауымдастығы және академиялық сала үшін стратегиялық шешімдер қабылдауда маңызды аналитикалық ақпарат көзі болып табылады. Биылғы жылы ерекше назар тұрақты экономикалық өсімге, инвестициялық саясатқа және Қазақстандағы бизнес климатын жақсартуға бағытталған реформаларға аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің экономикалық сауаттылығын арттыруға және олардың жаһандық және аймақтық экономикалық процестер туралы түсініктерін кеңейтуге көмектеседі. Maqsut Narikbayev University өз студенттеріне әлемдік деңгейдегі сарапшылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін бере отырып, жетекші халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз