MNU Logo
MNU-да Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының маңыздылығы талқыланды - MNU

05.11.2025

MNU-да Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының маңыздылығы талқыланды

Maqsut Narikbayev University тағы да ірі халықаралық іс-шараның өткізілетін алаңына айналды. Жоғары оқу орнында «Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы: Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының салтанаты» атты конференция өтті.

Конференция Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілдерін, дипломатиялық миссия басшылары және сарапшыларды біріктірді. Қатысушылар Түрікменстанның бейтараптығының маңыздылығы мен өңірлік қауіпсіздік факторы, халықаралық диалог құралы және жаһандық сын-қатерлер жағдайында бейбіт өмір сүру моделі ретіндегі рөлін талқылады. Сондай-ақ көрме ұйымдастырылып, түрікмен халқының дәстүрлі киімдері, кілемдері мен әдебиеттері көрсетілді.

«Біздің құрметті Президентіміз Сердар Бердімұхамедов атап өткендей, Түрікменстанның бейтараптығы – халықтарды биік мақсаттар үшін біріктірген бейбітшілік пен бауырластық құрметінің даму доктринасы. Осы жыл елімізде Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы деп жарияланды. Бұл бастама мемлекеттің тұрақтылық пен өзара құрмет атмосферасын нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді», – деді Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Режепов.

Биыл Түрікменстан өзінің тұрақты бейтараптығының 30 жылдығын атап өтуде, оны 1995 жылы 12 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдады. Мемлекеттің бұл таңдауы әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен танылды. Бейтараптық күні Түрікменстанда маңыздылығы бойынша екінші ұлттық мереке болып табылады.

«Бұл күн – тек тарихи меже ғана емес, сонымен қатар бейбітшілік, диалог және егемендікті құрметтеу үшін Түрікменстанның стратегиялық таңдауы туралы еске салу. Біздің университет түрлі көзқарастар мен идеялар кездесетін, студенттер білімді қоғамдық игілікке айналдыруды үйренетін осындай талқылау алаңы болғанына қуанышты. Мұнда елдер мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтатын бастамалар туындайды», – деді MNU Провосты Анар Ибраева.

Конференция қорытындысы бойынша білім беру және зерттеу салаларындағы одан әрі өзара іс-қимылдың, сондай-ақ өңір мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз