Maqsut Narikbayev University-де Астана қаласы соты Әкімшілік әділет бойынша дискуссиялық клубының отырысы өтті. Сарапшылар зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу, қорғау және іске асыру мәселелерін талқылады.
Пікірталасқа судьялар, университет пен мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер, адвокаттар және сарапшылар қатысты. Іс-шараның мақсаты зияткерлік құқықты қорғаудың неғұрлым тиімді тетіктерін әзірлеу мен Қазақстанда құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру болды. Отырысқа қатысушылар зияткерлік меншік құқығының жиі бұзылуын, мемлекеттік органдардың кейбір шешімдерінде негізділігіктің жеткіліксіздігін, сондай-ақ дауларды біркелкі қарау қажеттілігін атап өтті.

ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева зияткерлік меншік құқығын қорғауға өтінім саны арта түскенін атап өтті. Ол осындай іс-шаралардың құқықтық сауаттылықты арттыруда және зияткерлік құқықты қорғау тәжірибесін қалыптастыруға сот корпусының белсенді қатысуы үшін маңыздылығын атап өтті. Пікірталасқа қатысушылар осы саладағы дауларды шешу үшін бірыңғай үлгі жасау қажеттігіне назар аударды.
Отырыс барысында MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен сөз сөйлеп, құқықтық ортада ЖИ-ді пайдалану кезінде зияткерлік меншік принциптерін сақтау қажеттігі туралы айтты. Сонымен қатар университеттің Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебінің директоры Роман Мельник ғылым мен сот өндірісінің өзара іс-қимылы қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, сот төрелігін жүзеге асыру процесіне ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қосу үшін жүйелі тәсілдер қажет.
Айта кетейік, Дискуссиялық клуб өз қызметін 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырады.



