MNU Logo
MNU-да БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына жастардың үлесі талқыланды - MNU

29.09.2025

MNU-да БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына жастардың үлесі талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де «Болашақ ұрпақ үшін Қазақстан жастарының БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сарапшылар, белсенділер мен студенттер жастардың құқықтары мен мүдделеріне тікелей қатысты маңызды мәселелерді қарастырды.

TED Talks форматындағы іс-шара БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына және «Жастарға қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының» 30 жылдығына орайластырылды. Конференция барысында қатысушылар әлеуметтік желілердегі жағымсыз контенттің ықпалы мен еңбек нарығы үшін жасанды интеллект сын-қатерлерінен бастап су дипломатиясының өзекті проблемалары, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жастардың репродуктивті денсаулығын сақтауға дейінгі кең ауқымды мәселелерді талқылады. Дөңгелек үстел БҰҰ Жастар кеңесі және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясымен бірлесе ұйымдастырылды.

«Жастар диалог және шешім қабылдау процестеріне қосылған кезде Орнықты даму мақсаттары бойынша ілгерілеу айтарлықтай жеделдейді. Қазақстан жастары көбінесе қауіпсіз және қолдайтын цифрлық орта, болашақ дағдылары мен кәсіптері, соның ішінде цифрлық сауаттылық мәселелерін көтереді. Сондай-ақ қала мен өңір деңгейіндегі су дипломатиясы мен климат, қолжетімді ақпаратқа назар аудара отырып, денсаулық пен әл-ауқат, мектептен бастап ұлттық күн тәртібіне дейін шешім қабылдау сұрақтарына назар аударады» – деді Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча.

Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібін қолдайды және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін кеңейту үшін жұмыс істеуде.

#SDG3 #SDG4 #SDG16

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз